Дәрігерлер қан қысымы жоғары болған қазақстандыққа өз бүйрегін өзіне трансплантациялады

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек аутотрансплантациясы сәтті жүзеге асырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі операция.
1968 жылы туған науқас соңғы 5 жыл бойы артериялық гипертензиямен ауырған. Соңғы бірнеше жылда қан қысымы үнемі 250/140 және одан да жоғары болып, өміріне қауіп төндірген. Мұндай жағдайда кез келген уақытта ми қан тамыры жарылып, инсульт алу қаупі өте жоғары болған.
2024 жылы науқастың құрсақ аортасына стент-графт имплантацияланған. Ауруханаға ауыр халде түскен науқас толық тексеруден өткізілді. Тексеру нәтижесінде сол жақ бүйрекке баратын артерияның 99% тарылғаны анықталды.
Аортада стент-графт орнатылғандықтан, дәстүрлі шунттау операциясын жасау мүмкін болмады. Осыған байланысты науқастың сол бүйрегі алынып, оң жақ мықын артериясына қайта тігіліп орналастырылды.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты