Дәрігерлер күйеуі бензин құйып өртеп жіберген қыздың өмірі үшін күресіп жатыр
Австралияның Мельбурн қаласында күйеу жігіті бензин құйып, өртеген Николь Эванстың өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Оның денесінің жартысынан астамын күйік шалған.
Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Қыздың күйеу жігіті Мэттью Джон Дейви қыздың үстіне бензин құйып, қызды жағып сосын оны сарайға қамап қойған деп айыпталуда. Мэттьюдің сөзінше бұл әрекетті істеу үшін елеулі себеп болған.
Оқиғадан соң бірден қызды жергілікті ауруханаға жеткізген. Ал содан соң оны күйікті емдейтін мамандарға көрсету үшін Мельбурнға апарады. Қыз өте ауыр жағдайда келіп түскен. Полиция мәліметінше, Дейви де денесін күйік шалғанын айтып аурухана көмегіне жүгініпті. Бірақ, ол өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтыпты. Ал дәрігерлер болса қызды құтқарып қалу жағдайының тым қауіпті шекте тұрғанын айтып жатыр.
Никольға жоғарғы деңгейдегі медициналық көмек көрсету керек. Оның достары мен таныстары қыздың емі үшін ақша жинастыруда. Егер қыз бұл жағдайдан аман қалса, онда ол өмір бойы физикалық және психологиялық сауықтыру курстарынан өтуі тиіс. Қазірге дейін қажетті 50 000 доллардың 17 900-ы жиналған.
Оқи отырыңыз:
Coca-Cola компаниясы 1,2 мың қызметкерін жұмыстан босатпақ
Түркияға бет алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді (фото)
Бішкекте келіншек ЭКО көмегімен үшемді дүниеге әкелді
Қытайда сәбиге мұсылман дініне қатысы бар есімдерді қоюға тыйым салынды