“Бүгінде фельдшерлердің жалақысы – 390 мың теңге. Ал стационар және емхана дәрігерлерінің жалақысы сәл жоғары: стационар дәрігерлері орта есеппен 600 мың теңге алады, ал МӘСП ұйымдарының дәрігерлері – 400 мың теңге. Бұл қосымша төлемдер, кезекшіліктер, ауысымдар және ақылы қызметтер есепке алмағандағы негізгі жалақы. Кезекшіліктер мен ақылы қызметтерді қосқанда стационар дәрігерлерінің жалақысы 800-900 мың теңгеге, ал емхана дәрігерлерінің жалақысы сәл жоғары болуы мүмкін”, – деген еді Әлия Рүстемова.
Оның бұл мәлімдемесі желіде қызу талқыға түсті. Медицина қызметкерлері мұндай жалақыны ешқашан алмағанын, аталған айлық мөлшерінің жалған екенін жарыса жазды.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің бас көтеруі: Ақмарал Әлназарова қосымша аудит жүргізуді тапсырды
Әлия Рүстемова медициналық қызметкерлердің айлыққа қатысты наразылықтары кезінде вице-министр болып тағайындалды.
Еске салайық, Қазақстан өңірлеріндегі жедел жәрдем фельдшерлері 140-180 мың көлемінде айлық алатынын айтып, бас көтерген еді.
