Дәрігерлер 26 жастағы бойжеткеннің көзінен 11 сантиметрлік паразит алды
Фото: nejm.org
Румынияда бойжеткеннің терісінің астында бір ай бойы паразит жасырынып жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Науқас қабағының астында түсініксіз қозғалыс сезгеннен кейін ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында оның үстіңгі қабағының астынан тірі, ұзындығы 11 сантиметрлік құртты анықтап, хирургиялық жолмен алды. Клиникалық жағдай New England Journal of Medicine журналында егжей-тегжейлі сипатталған.
Қыздың айтуынша, шамамен бір ай бұрын оның оң самай тұсында кішкентай түйін пайда болған. Біраз уақыттан кейін түйін белгісіз себеппен жоғалып, артынша паразит көз астынан көрінген. Мамандар алынған құрттың Dirofilaria repens түріне жататынын растады. Әдетте бұл паразит үй жануарларын — ит пен мысықты ұстайтын адамдарға жұғады. Науқастың үйінде де ит бар екені белгілі болды.
Dirofilaria repens дернәсілдерін масалар тасымалдайды. Олар шағу кезінде дернәсілді адамның терісіне қалдырып кетеді, кейін паразит ағзада өсіп, толыққанды құртқа айналады.
Айта кетейік, бұған дейін етеккір кезінде суға түскен бойжеткен акуланың құрбаны болғаны хабарланған еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді