Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер жұмыртқаның кейбір адамдар үшін қауіптілігі туралы ескертті

Гастроэнтеролог Людмила Сухорукова кімдерге жұмыртқа жеуге боламайтынын және оның кері әсерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: pixabay.com

Маман аллергиясы бар адамдарға, сондай-ақ холестериннің жоғары деңгейіне немесе асқазан-ішек жолдарының қабынуы кезеңіндегі панкреатитпен ауыратындарға жұмыртқа жеуден бас тартуды ұсынды. 

Ол жұмыртқаның жоғары аллергенді өнім екенін атап өтті. Әсіресе тауық ақуызына аллергиясы бар науқастарға қарсы көрсетпеде. Сонымен қатар, бауыр және өт аурулары бар адамдарға жұмыртқаны абайлап жеу керек. Себебі сарысы өт бөлуді ынталандырып, өт тастары ауруының асқынуын туындатуы мүмкін.



"Жұмыртқаны холестерин деңгейі жоғары адамдарға жеуге болмайды. Себебі ода холестерин бар. Дегенмен ол лецитинмен теңестірілген. Дені сау адам үшін жұмыртқа негативті әсер етпейді. Себебі лецитин холестериннің тамырлар қабырғаларына жиналуына жол бермейді. Алайда науқас адамға жұмыртқаның сарысын өте абайлап жеу қажет", — деді дәрігер.

Сухорукова қан диабетімен ауыратындарға да жұмыртқа жеуде абайлауға ескертті. Себебі олардың тамырлары, әдетте, қанттан зақымдалған. Сондықтан атеросклероздың даму қаупі айтарлықтай жоғары.

Талқылау