Дәрігер жаңажылдық дастарханда газдалған тәтті сусынның орнына не ішуге болатынын айтты
Фото: freepik
Тәтті газдалған сусындар ас қорыту ауруларын тудыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Медицина” АҚ (академик Ройтберг клиникасы) гастроэнтерологы, медицина ғылымдарының кандидаты Евгений Белоусовтың айтуынша, газдалған лимонадтың бір стақанында 10–12 шай қасыққа дейін қант болуы ықтимал, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған тәуліктік мөлшерден едәуір жоғары.
"Мерекелерде бұл инсулиннің күрт көтерілуіне, асқазан-ішек жолдарының (АІЖ) шырышты қабығындағы қабынудың күшеюіне, гастрит пен рефлюкстің асқынуына әкеп соғады, - деді ол.
Дәрігер газдалған сусындарға пайдалырақ балама ретінде ашытылған сусындарды атады. Олардың қатарына қант мөлшері ең төмен табиғи квас немесе комбуча (шай саңырауқұлағы сусыны) ішуге кеңес берді. Оның сөзінше, бұл сусындар дәмді әрі шамадан тыс тамақтанғаннан кейін ішек микробиотасын қалпына келтіруге көмектеседі.
Сондай-ақ дәрігер газдалған сусындардың орнына зімбір мен лайм қосылған, сұйылтылған көкөніс және жеміс-көкөніс шырындарын ұсынды. Мұндай сусындар майдың қорытылуын жақсартып, іш кебу қаупін төмендетеді.
Евгений Белоусов тағы бір пайдалы балама ретінде шөп тұнбаларын атады, мысалы жалбыз бен итмұрын қосылған, не болмаса зімбір, даршын және апельсин қабығы аралас тұнбалар, сондай-ақ мүкжидек жапырағынан дайындалған шай. Олар ас қорытуды жұмсақ түрде ынталандырып, ұйқыбезге артық салмақ түсірмейді. Сонымен қатар дәрігер тәтті газдалған сусынды лайм мен шөптер қосылған минералды сумен алмастыруға болатынын айтты.
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?