Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер уақыты жоқ екенін айтты: Ата-анасы бір жасар қыздың өліміне дәрігерді кінәлап отыр

Алматы облысының Қазыбек бек ауылында 1 жасар қыз шетінеп кетті. Ата-анасы сәбидің өліміне дәрігерлер кінәлі деп отыр, деп хабарлайды КТК.

Ата-анасының айтуынша, олар екі рет дәрігер шақыртқан. Бірақ ешкім келмепті.

Қанатбаевтар отбасында Ұлар есімді 1 жастағы қыз бала жұмаға қараған түні көз жұмды. Ата-анасы дәрігерлердің сөзіне құлақ аспағанын айтады. Олар энтеровирусты инфекциядан көз жұмды деп есептейді. Ал, жақындары қышыма дерті деп ойлаған.

«Басында қышыма жара болды. Кейін температурасы көтеріліп, басы ысып кетті. Балалар дәрігеріне хабарласып едік, ол уақыты жоқ екенін айтты. Фельдшер мен медбике бұл дерттің неден екенін өздері түсінбеді. Осыдан соң Ұларды облыстық емханаға апардық. Ол кезде кеш болып кетті», – дейді Оразхан Қанатбаева.

Уақыты жоқтықтан бұл отбасыға бара алмағанын дәрігердің өзі де мойындады.

«Мен  сол күні ауданда болдым. Есеп тапсырып жүрдім. Мен қазір бас дәрігердің орнына жұмыс істеудемін. Қанатбаевар отбасы маған хабарласты. Бұл рас, бірақ менің уақытым болған жоқ», – дейді педиатр Жанат Жамбылова.

Ұлардың ата-анасы мұндай жағдай қайталанса, өзгелерге де ауыр болуы мүмкін екенін айтып ескертеді. Қарапайым отбасы үшін аудандық ауруханаға бару да қиямет. Таксистер ақысына 15 мың теңге көлемінде ақша сұрайтын көрінеді.

Ауылға емхананы 4 жыл бұрын салған. Алайда тұрғындардың айтуынша, медқызметкерлердің салғырттығынан соңғы кезде 4 бала көз жұмған.

Тұрғындар дәрігерлердің жұмысынан кетуін талап етеді. Олар бәрін ұрыссыз шешпек болғанымен, дәрігерлер сөзіне құлақ аспапты.

«Балам әкеліп едім, оны қарамады да. Мұнда шприц пен мақта да жоқ. Дәрігерлердің өзі жұмыс орнында отырмайды. Олардың салғырттығынан 4 бала көз жұмды деп естідім», – дейді Индира Есімова.

Аудандық ауруханада 4 баланың мерт болғанын жоққа шығарды. Олар тек мамандар тапшы екенін айтады.

«Бұл іске қатысты біз тергеу жүргізудеміз. Дәрігер Жамбыловаға қатысты шара қолданатын боламыз. Қазыбек бек стансасында педиатр бар. Ал, басқа ауылдарда маман жоқ», – дейді Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ботагөз Медетбекова.

Тағы да оқыңыз:

Иесі пәтерін екі жылдан бері жалға беріп, жасырын камера арқылы порно түсіріп келген

Зейнеткер автобуста орын бермеген қызды желкелеп тұрғызып, басын терезеге ұрған

Сағаттап созылған кезек: Қазақстан мен Қырғызстан шегарасындағы жағдай (видео)

Талқылау