Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер "Масленица" мейрамында құймақты шамадан тыс жеудің қаупі барын ескертті

ҚұймақФото: Shutterstock.com

Гастроэнтеролог дәрігер, диетолог Нурия Дианова "Масленица" кезінде құймақты көп жеу денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailynews.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның сөзінше, құймақты таңғы асқа да, түскі не кешкі асқа да жеуге болады. Алайда мөлшерін сақтау маңызды. Ер адамдарға бір мезгілде үш құймақтан, ал әйелдерге екі құймақтан асырмау ұсынылады. Сондай-ақ жеміс-жидек немесе ақуызға бай салмасы бар құймақтарға басымдық берген жөн.

Дәрігерлер "Масленица" тойланатын аптада тек құймақпен шектеліп, бірсарынды тамақтану денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Ол ұйқыбез жұмысының бұзылуына және панкреатиттің даму қаупін арттырады.

Сарапшы ағзаға түсетін салмақты азайту үшін құймақты күніне бір реттен жиі жемей, оны әртүрлі ақуызды салмалармен үйлестіріп, тамақ рационын әртараптандыруды ұсынды. Оның айтуынша, шамадан тыс жеу өт қабы мәселелеріне және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін.



Еске салайық, бұған дейін тәбетті бақылауға көмектесетін тағамдар туралы жазған едік. Мамандар салмақты реттеу үшін ақуызға, талшыққа, пайдалы майларға және баяу көмірсуларға бай өнімдерді тұтыну маңызды екенін айтқан.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 15 Ақпан, 2026 16:44