AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер қандай бәліштердің қатерлі ісік ауруын туындататынын айтты

Дұрыс тамақтану және асқорыту ауруларын емдеу жөніндегі маман Иван Алименко бәліштердің  кейбір түрлері онкологиялық аурулардың дамуына әкеліп соғатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол денсаулыққа қауіпсіз ұн өнімдерін атады. Маман бәліштерді алар кезде бірінші құрамына назар аударуды ұсынады. Ол құрамы тек ұн мен судан тұратын бәліштердің зияны жоқ деп санайды. 

“Құрамында зиянды майлары жоқ қарапайым ұн мен судан жасалған бәліштерді таңдаған жөн. Мысалы багет, батон бәліштері, лаваш, құймақ өнімдерін таңдауға болады”, –  деді маман. 

Оның ойынша қатпарлы және құрғақ қантты ұн өнімдерінен жасалатын бәліштердің құрамында сапасыз майлар болады. 

"Қатпарлы және құрғақ қантты ашытылған өнімдер құрамында сапасыз зиян майлар көп болады. Көбінесе оларға маргарин мен майдың қоспасын немесе зиянды транс майларының ең көп мөлшері қосылады", – деп толықтырды Иван Алименко.  



Маман осындай құрамдағы тоқаш, бәліш, круассандардың артық салмақтың жиналуына ғана емес, сонымен қатар аса қауіпті араулар туындататын қасиеті бар екенін атап өтті. 

"Бұл асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісігі және осы тағамдардың жоғары калориялы болуына байланысты семіздік қаупін арттырады. Артық салмақтан да жанама әсерлер жеткілікті. Мысалы, қант диабеті, гипертония, атеросклероз және қан ұйығыштары, холестериннің жоғарылауы, яғни қандағы жоғары тығыздықтағы майлардың көбеюі болуы мүмкін", – деді Иван Алименко. 

Ол құрамында майы бар бәліштерден толығымен бас тартудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Бірақ оны тек қалыпты мөлшерде қолдану керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр