Дәрігер елемеуге болмайтын 8 симптомды атады
Фото: pixabay.com
Көп адам өз денсаулығына салғырт қарап, ауырсынуды уақытша басатын дәрілермен ғана шектеледі. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, кейбір белгілерді елемеу ауыр асқынуларға, тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайларға әкелуі мүмкін. Терапевт Александр Осташков назардан тыс қалдырмауға тиіс 8 қауіпті симптомды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctor Питер порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Терапевт, кардиолог, гастроэнтеролог Александр Осташков елемеуге болмайтын 8 маңызды симптомды атады.
1. Қатты ауырсыну
Ауырсыну дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін және көбіне ағзадағы ақаудың белгісі саналады. Егер ауырсыну өткір, төзгісіз болса, бұл күрделі мәселелердің белгісі. Мысалы, іштің жоғарғы бөлігінде, әсіресе сол жақ қабырға астында немесе эпигастрий аймағында орналасып, белге берілетін өткір ауырсыну өткір панкреатитке көрсетуі мүмкін. Бұл дереу ауруханаға жатқызуды қажет ететін өте қауіпті жағдай.
Ал кіндік маңына берілетін, жүрек айнуымен және құсумен бірге жүретін күшті ауырсыну аппендициттің белгісі болуы ықтимал. Бұл да шұғыл хирургиялық көмек талап етеді.
Сондай-ақ кеудедегі ауырсыну ерекше назарды қажет етеді, себебі ол миокард инфарктісі секілді жүрек ауруларын көрсетуі мүмкін.
2. Тыныстың тарылуы немесе тыныс алудың қиындауы
Тыныстың тарылуы астмаға, аллергиялық реакцияларға немесе жүрек ауруларына байланысты болуы мүмкін. Оның басты қаупі ағзада оттегі жетіспеушілігін туындатуы. Егер толық тыныс ала алмай жатсаңыз немесе кенеттен демікпе пайда болса, бірден жедел жәрдем шақыру қажет.
3. Көру, сөйлеу және қозғалыс координациясының бұзылуы
Көрудің нашарлауы көздің қарауытуы, көру аймағының тарылуы, сөйлеудің немесе қозғалысты үйлестірудің қиындауы инсульттің немесе басқа да неврологиялық аурулардың белгісі болуы мүмкін.
Мұндай жағдайлар көбіне қатты бас ауруымен, дененің бір жақ бөлігінің ұюымен қатар жүреді. Инсульт кезінде әр минут қымбат, сондықтан мұндай белгілер байқалса, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет.
4. Санның артқы бөлігіндегі ауырсыну
Санның артқы жағындағы ауырсыну аяқтың терең көктамырларында тромбтың пайда болғанын көрсетуі мүмкін. Бұл тромбофлебит, ал оның қауіпті асқынуы өкпе артериясының тромбоэмболиясы болып саналады.
Негізгі белгілер: санның ісінуі, қызаруы, жанға батып ауырсынады. Бұл симптомдар нақты диагноз қойғызбаса да, міндетті түрде дәрігерлік тексеруді қажет етеді.
5. Зәрде немесе құсу кезінде қанның пайда болуы
Зәрде немесе құсу кезінде қан көру өте алаңдатарлық белгі. Ол асқазан жарасына, бүйрек тастарына, ісікке немесе ішкі қан кетуге көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайды елемеу қауіпті, сондықтан қан байқалғанда тез арада дәрігерге қаралу қажет.
6. Дененің бүкіл бөлігінің қышуы
Қышыну аллергиялық реакцияның, дерматиттің немесе бауыр қызметінің бұзылуының белгісі болуы мүмкін. Егер қышыну бөртпе, ісіну немесе басқа симптомдармен бірге жүрсе, бұл әлдеқайда күрделі аурудың белгісі болуы ықтимал. Мұндай жағдайды назардан тыс қалдыру қауіпті.
7. Талып қалу және тырысу
Талып қалу немесе тырысу эпилепсия, жүрек жұмысының бұзылуы немесе зат алмасу мәселелерінің белгісі болуы мүмкін. Бұл қауіпті жағдайлар, сондықтан мұндай симптомдар байқалса, дереу жедел жәрдем шақыру қажет.
8. Зәр шығарудың ұзақ уақыт болмауы
Зәр шығарудың тоқтауы бүйрек пен қуық жұмысының бұзылуын немесе қатты сусыздануды білдіруі мүмкін. Бұл денсаулыққа және өмірге қауіпті жағдай.
Қалыпты жағдайда адам тәулігіне 4-6 рет зәр шығаруы керек. Егер 12 сағаттан ұзақ уақыт бойы зәр шықпаса, бұл шұғыл түрде ауруханаға баруға себеп. Ал сусыздану белгілері байқалса, жедел жәрдем шақыру керек.
"Ауруханалар толып қалған": Қазақстандықтар "белгісіз" вирустың таралуына жаппай шағымданып жатыр
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ЖРВИ мен тұмаудың 1 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Министрлік мәліметінше, 23-29 қазан аралығында елімізде жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) 106 930 жағдайы тіркелген. 2024 жылы дәл осы кезеңде көрсеткіш 1,5%-ға жоғары болған.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді