Дәрігер дәрі тағайындағанда үтірді дұрыс қоймауы кесірінен 2 жасар бала көз жұмған
Фото: mothership.sg
АҚШ-тың Гейнсвилл қаласында әйел UF Health Shands ауруханасына сотқа жүгінді. Себебі дәрігер қателігінен оның 2 жасар ұлы қайтыс болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WCJB порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Доминик Пейдж өзінің екі жасар ұлы Де’Маркусты 2024 жылдың 1 наурызында ауруханаға әкелгенін айтты. Бала үнемі жылап, тамақ ішпей, диареядан зардап шегіпті. Оның организміндегі калий деңгейі өте қатты төмендеп, 2,8 болып шыққан және оған калийді алмастыру терапиясы тағайындалған.
Дәрігер Цзяби Чен Де’Маркуска калий фосфатын 15 ммоль/литр дозада қабылдауды жазып берген, бірақ бұл мөлшер дұрыс болмаған. Чен қажетті жерде үтір қоймаған. Ал негізінде балаға тек 1,5 ммоль/литр дозасы қажет еді. Дәрігер мен фармацевттердің немқұрайлылығынан бала дәрінің нормадан 10 есе асқан дозасын екі рет қабылдаған.
Екінші қабылдаудан кейін Де’Маркустың қандағы калий деңгейі өлімге әкелетін 7,8-ге жеткен. Баланың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны қайта тірілтсе де, оның ағзасы ұзақ уақыт оттегісіз қалған. Сөйтіп ми мен басқа органдардың қайтымсыз зақымдануына әкелген.
Екі апта бойы Де’Маркус өмірді қолдау аппаратында болған, бірақ жағдайы жақсармаған. Ақырында, 2024 жылдың 18 наурызында отбасы оны аппараттан ажыратуға шешім қабылдаған.
"Мен әлі күнге дейін не болғанын түсінбейтін қорқыныш туралы түс көремін", – деп мойындады Доминик.
Солтүстік Қазақстанда науқас ФГДС кезінде қайтыс болды
Еске салайық, бұған дейін Таразда 39 жастағы Мұхтар Исабековтің өліміне оның туыстары дәрігерлерді кінәлап отырған жазған едік. Айтуларынша, науқастың өкпесі суға толып ауыр халде болғанына қарамастан, медицина қызметкерлері қажетті ем көрсетпеген. Дәрігерлердің анықтамасында өкпедегі судың аз екені көрсетілгенімен, мәйітханада 1,5 литр су табылған. Тәуелсіз сараптама да дәрігерлердің дер кезінде ем қабылдамағанын растап отыр. Қылмыстық іс қозғалғанымен, тергеу 9 айдан бері әртүрлі себеппен созылып келеді.
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын баяндап берді