Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер әйелді зорлап, өлтіріп кеткен: Үндістанда он мыңдаған әйел наразылық шеруіне шықты

Үндістанда дәрігер әйелдің зорлық көріп, өлтірілуіне байланысты он мыңдаған әйел наразылық шеруіне шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Reuters

Наразылық шаралары дәрігер өлтірілген күннен, яғни 9 тамыздан бері жалғасуда. Елдегі ең ірі шеру Калькутта қаласында 14 тамыздан 15 тамызға қараған түні өтті.

9 тамыз күні таңертең ерте Калькутта ауруханасының 31 жастағы дәрігері ауыр ауысымнан кейін ауруханада ұйықтап қалған. Сол күні ауруханадан дәрігер әйелдің ауыр жарақат белгілері бар және жартылай жалаңаш денесі табылды. 

Полицейлер күдікті ретінде аурухана ерікті болып жұмыс істеген ер адамды тұтқындап, қылмыстық іс қозғады. Кейін бұл іс федералдық тергеу бюросына берілді. Қылмыс 138 жылдық тарихы бар Үндістанның ең көне ауруханаларының бірі RG Kar Medical College медициналық колледжінде орын алған.

Фото: bbc.com/RG Kar Medical College

Осыдан кейін Үндістан азаматтары дәрігерлерге, әсіресе әйел дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесін көтере бастады. 


Бангладештегі наразылық: Шеруге шықққандар елден қашып кеткен премьер-министрдің резиденциясын басып алды


14 тамыздан 15 тамызға қараған түні Үндістанда әйелдердің ең үлкен шеруі өтті. Бейбіт наразылық акциясы бірнеше қаланы қамтыды. Ең үлкен шеру Калькутта қаласында өтті, оған ондаған мың әйелдер мен ерлер қатысты. Олар плакаттар, алаулар мен Үндістан туын алып шыққан.

Фото: Reuters

Түнгі наразылықтар Дели, Хайдарабад, Мумбай, Пуна қалаларында да өтті. Калькуттада бүкіл қаланы қамтыған шеру кезінде әйелдер қол ұстасып, "Біз әділеттілік талап етеміз" деп ұрандады. Қала көшелеріне шыққан әйелдер отбасындағы зорлық-зомбылық, жұмыста қудалау және әйелдер мен ерлердің жалақысының бірдей болуы туралы мәселелерін көтерді. Сондай-ақ шерушілер мемлекеттен дәрігердің өлімін әділ әрі жан-жақты тергеуді талап етті.

Еске салсақ, бұған дейін 50 жастағы қазақстандық әйелдің Үндістандағы жеке клиникалардың бірінде зорланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау