Дәрігер аспиринді ең қауіпті дәрілердің бірі деп атады
Фото: istockphoto.com
Ресейлік дәрігер Александр Мясников аспиринді ең қауіпті дәрілердің бірі деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы дәрігер ресейлік телеарналардың біріне берген сұхбатында айтқан.
"Бүгінгі таңда ең көп адам өліміне себеп болып отырған ең қауіпті дәрі қандай? Ресейде? Аспирин", – дейді дәрігер.
Мясниковтың айтуынша, басқа елдерде дәрігерлер адамның өміріне қауіп төндіретін тамырлардың тарылу жағдайы болмаса, аспирин тағайындауды тоқтатқан. Дәрігер аспириннің қан сұйылтатын қасиеті салдарынан миға қан құйылу мен күшті қан кетулерге әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.
Келесі жылы елімізде дәрі-дәрмек қымбаттап, тапшылық болмақ: Кәсіпкерлер дабыл қақты
Бұған дейін дәрігер Елена Малышева да аспириннің қауіптілігін ескерткен еді. Оның айтуынша, бұл дәрі асқазаннан қан кетуге себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігер препаратты балаларға беруге тыйым салынғанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ең көп сатылатын дәрілердің тізімін жариялаған еді.

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
