Данэлия Тулешова қазақша жаңа ән шырқады
Данэлия Тулешова V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесінде жаңа ән шырқады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Сахнаға періште кейіпте шыққан әншінің әні бейбітшілікке үндейді.
«Елін бастаған дана елбасы, Байрағым биік көкте самғасын, Әр елде бейбіт өмір орнасын, Әлемде соғыс болмасын. Әрқашанда аман болсын біздің әлем, Жерім, далам, әкешім, анашым және мен, Аялап-әлдилеген аман болсын әлем!», – деп шырқады Данэлия Тулешова.
Ұстазы Наталья Чуракованың айтуынша, бұл ән арнайы көрменің ашылуына жазылған. Сөзін ақын Олжас Қасым, әнін Ринат Әбдіхалықов жазған. Данэлия жаңа әнді бір күнде үйреніп шырқады.
Тағы да оқыңыз:
Жанкүйерлері Самал Еслямованы әуежайдан ерекше салтанатпен күтіп алды (фото)
Алматыда оқушы қызға шабуылдаған «вампир ер адам» ұсталды (фото)
Талқылау