Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт: Туған күнімде 7-қабаттан Алматыдағы алаңға топ ете түстім

Дана Нұржігіт отандық бағдарламалардың бірінде ерекше есінде қалған туған күні туралы айтып берді. Мұнымен қатар, тележүргізуші туған күнінің 22 наурыз күні екенін сөз етті. Алайда бұл дата Дана ханымның төлқұжатында қате жазылған екен.

17333634_1283873458344875_1894719058784288768_n

Бұл туралы «Түнгі студия» бағдарламасында айтылды.

«Менің бұл туған күнімнің болмай қалуы әбден мүмкін еді. Өйткені, құжатым бойынша 4 айға жасырақпын. Яғни менің туған күнім 22 наурызда. Шымкент қаласында 1972 жылы наурыздың 21-і күні түнгі сағат 01:21 кезінде дүниеге келген екенмін. Немерелердің тұңғышы болдым. Анам мен әкем дүниеге келген кезімде жас студенттер болған екен. Сол кезде анам екеуімізді ауылдағы апама жібереді. Осылайша Қызылорда облысы Бозкөл ауданындағы кішкене ғана балықшылардың ауылына бардық. Анам перзентханадан қағазды алуды ұмытып кеткен. Туу туралы куәлік төрт ай өткен соң естеріне түседі. Сол уақытта ауыл кеңесінде Әбдіғани деген ағамыз жұмыс істеген. Ол кісі де Шымкенттен келген қағазды жоғалтып алады. Артынша мені 18 шілде күні дүниеге келді деп жаңа құжат жасатады. Құдайға шүкір, әйтеуір жылымды өзгертпеген екен», – дейді Дана Нұржігіт.

Мұнымен қатар, тележүргізуші ерекше есінде қалған туған күні туралы айтып берді.

«Ең ерекше туған күн деп 2000 жылдың басындағы 22 наурызды айта аламын. Ол кезде 28 жаста болдым. «Хабар-2» арнасы ашылып жатқан кезде жеті қабатты ғимараттың шатырынан Алматыдағы алаңға топ ете түскенім бар. Кезінде дәл солай аталған арна ашылған болатын. Ішіңде сезім тұнып тұрған кезіңде аузыңа сөз түсіру оңай емес. Алдымнан, Серік Жанболат микрофонмен шыға қалған кезде «Өзің осы жеті қабатты ғимараттың үстіне шығып, құлдилап түскен кезде білесің қандай әсерде екенімді» деп жауап бергенім бар», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайда Димаш бейнеленген киімдер мен ыдыстар сатылып жатыр

Димаш Құдайбергенов Францияға не үшін барды?

Димаш “I am singer” байқауында өзінің туындысын орындайтын болды

Әнуар Нүрпейісов жұртты шулатқан хабарды таратқан порталды сотқа бермек

Талқылау