Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дамуға жасалған қадам: Bank RBK "Ордабасы" футбол клубының ресми серіктесі атанды

Bank RBK елдің спорттық өміріне кеңінен қатысып, осы жолы Қазақстанның жетекші футбол клубтарының бірі – "Ордабасы" командасымен серіктестіктің басталғанын жариялады. Келісім 2026 жылғы маусымда клубқа жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Шымкенттік клубпен серіктестік Bank RBK-ның Қазақстан өңірлерінде спортты қолдау бойынша жүйелі жұмысының заңды жалғасы болып отыр. Қала мен банк арасында шынайы жылы әрі достық қарым-қатынас қалыптасқан. 2025 жылы Bank RBK Shymkent Marathon-ның бас серіктесі болып, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 7000-нан астам жүгіруші қатысты. Сонымен қатар банк биыл да осы ауқымды спорттық шараны қолдайтынын мәлімдеді.

"Ордабасы" – 2023 жылғы Қазақстан чемпионы, Суперкубок иегері және ел кубогының екі дүркін жеңімпазы. Клуб өз ойынымен Премьер-лиганың көшбасшыларының бірі ретінде тұрақты танылып, Шымкентте ғана емес, бүкіл елде 4 миллионнан астам жанкүйерден тұратын кең аудиторияға ие. Клуб өз академиясын дамытуға ерекше көңіл бөледі: бүгінде онда 300-ден астам жас футболшы жаттығады. Ал түлектері негізгі құрамды тұрақты түрде толықтырып келеді.

"Біз спортты қолдауды әлеуметтік жауапкершілігіміздің маңызды бөлігі әрі ел болашағына қосқан үлесіміз деп қарастырамыз. Қол қойылған келісім – бұл тек футбол клубымен серіктестік емес, салауатты өмір салты мен командалық рух мәдениетін қалыптастыруға қатысу. Біз Шымкентті ерекше жақсы көреміз, ол – өзінше жаны бар қала. Bank RBK да оның спорттық өмірінің бір бөлігі болғанына қуанышты. "Ордабасы" сияқты бірегей командаларды қолдай отырып, банк клуб тарихының бір бөлшегіне айналады. Бұл тарих жарқын әрі қызық боларына сенімдіміз", – деді Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.

Серіктестік аясында Bank RBK клуб инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар, медициналық техника сатып алу, оқу-жаттығу жиындарын және жолдастық матчтарды ұйымдастыру көзделген. Сонымен қатар ұзақ мерзімді стратегияның негізгі элементі саналатын балалар мен жасөспірімдер академиясын қолдауға ерекше назар аударылады.

"Біз үшін бұл серіктестік – алға жасалған маңызды қадам. Елдегі ең ірі банктердің бірі – Bank RBK-ның қолдауы материалдық-техникалық базаны нығайтуға, ойыншыларды даярлауға одан да сапалы жағдай жасауға және жастармен жүйелі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Біз сенім білдіргені үшін банкке алғыс айтамыз және бірге жаңа, әсерлі спорттық нәтижелерге жете алатынымызға сенімдіміз", – деді Ордабасы ФК президенті Дархан Қызайбаев.

20 наурыз күні Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының үшінші тур матчы өтті. "Ордабасы" өз алаңында қызылордалық "Қайсарды" қабылдады. Бұл кездесу жаңа серіктестік аясында Bank RBK қолдауымен өткен алғашқы ойын болды. Матч қорытындысы бойынша шымкенттік клуб 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

"Қазақстандағы футбол – жай ғана ойын емес, адамдарды біріктіретін эмоция, командаға деген сенім және өз қалаң мен елің деп бойыңды кернейтін мақтаныш сезімі. Бұл – мыңдаған адамды трибунаға, миллиондаған көрерменді экран алдына жинайтын құбылыс. Bank RBK үшін бұл серіктестік нақты іс-әрекеттерге бағытталған: Шымкентте футболды дамыту, жас ойыншыларды қолдау, клубтың позициясын күшейту. "Ордабасыда" мұның бәріне қажет негіз – тарих, мінез, амбиция және мықты база бар. Команданы алда жарқын жеңістер күтіп тұр деп сенемін және біз осы жолда бірге боламыз. Ойыншыларға ымырасыз ойын, жанкүйерлерге күшті эмоциялар, ал баршамызға мақтануға себеп болатын сәттердің көп болуын тілеймін. Алға, "Ордабасы"!" – деп қорытындылады Bank RBK Басқарма төрайымы.

Bank RBK "Ордабасыны" қолдай отырып, спорт қала мәдениетінің бір бөлігіне айналған Шымкенттің өміріне өз үлесін қосады. Ол әртүрлі жастағы және түрлі мамандық өкілдерін біріктіреді, отбасыларды трибунаға жинайды және бірге болу, өз жақтастарын қолдау, алға ұмтылу сияқты маңызды әдетті қалыптастырады. Осындай сәттерден мықты, ашық және баршаға ортақ, шынайы болашақ құрылады.

ҚНРДА берген 05.04.2021ж № 1.2.100/245/41 лицензия

Еңлік Сақтан
Сенбі, 21 Наурыз, 2026 10:58