Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Damubala 2025" бағдарламасының ережесіне өзгерістер енгізілді

Алматы әкімдігі жылына шамамен 17 миллиард теңге жұмсалатын бағдарламаның жаңа ережелерін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com

Мәлімдемеге сәйкес, енді DamuBala 2025 бағдарламасы жеткізушілердің жауапкершілігін арттыруға және ваучерлерді ашық бөлуге ерекше көңіл бөлмек. Сондай-ақ жеткізушілермен келісімшарт жыл сайын қайта жасалады.

2025 жылдың 15-21 қаңтары аралығында спорт және шығармашылық саласындағы қызметтерді жеткізушілерді қабылдау өтті. Ал 22 қаңтар-4 ақпан аралығында жаңа және бұрынғы өтінімдер қаралды.

“Мониторинг нәтижесінде міндетіне салғырт қараған орындаушылар тізімнен алынып, олардың деректері құқық қорғау органдарына жіберілді. 1-21 қаңтар аралығында қызмет көрсеткен барлық жеткізуші міндетті түрде төлем алады”, – деп мәлімдеді әкімдік.



Ваучерлер жыл соңына дейін баланың заңды өкілі мен жеткізуші арасында келісімшарт жасалғаннан кейін беріледі. Жеткізушілермен келісімшарт жасаудың маңызды шарты – балалардың 100% FaceID жүйесіне қосылуы.

Бұған дейін Досаев балалармен сотталған бапкерлер жұмыс істеді делінген Аrtsport бағдарламасына түсініктеме берген еді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 20 Ақпан, 2025 09:23
Талқылау