Далай-лама Жерге қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді
Буддашылардың діни көшбасшысы Далай-лама XIV әлемдегі экологияның нашарлауының салдарынан Жердегі барлық тіршілік иесіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

Далай-лама Халықаралық Жер-Ана күніне орай мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, қоршаған ортаны қорғау жолында барлық адам баласы бірігіп күресуі қажет. Әйтпегенде апаттың алдында тұрмыз деп мәлімдеді.
"Әрқайысымыз тек өзіміздің, отбасымыздың не еліміздің жағдайын ғана ойламай, барлық адамзат баласы үшін қызмет етуге үйренуіміз қажет", - дейді Далай-лама.
Рухани көшбасшы жаһандық жылыну проблемасы, кейбір аймақтардағы су тапшылығы мен сапалы медицинаның жоқтығына назар аударуға шақырды. Сондай-ақ ол АҚШ президенті Джой Байденнің әлемнің көшбасшы елдерімен бірігіп, климатқа байланысты саммит өткізу бастамасына қолдау білдірді.
2009 жылы Боливияның ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық Жер-Ана күні деп бекітті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады