"Жұрттың ақылы керек емес": Әйел төрт қызына бірдей есім қойған

Төрт қызына бірдей есім қойған ана өзін сынағандарға ашық түрде қарсы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co.uk-ға сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Форт-Джонс қаласының 47 жастағы тұрғыны Мэри Хеффернан әлеуметтік желідегі жазбасында күйеуі Брайан екеуі төрт қызына да Мэри деп ат қойғанын айтып, көпшілікті таңғалдырды.
Көпке бірден танылған жазбасында ол “екі жақтан да Мария (Мэри) есімді мықты католик әйелдердің бар” екенін түсіндіріп, балалары дүниеге келгенде “осы дәстүрді жалғастыруды” шешкенін жазған.
“Шынымды айтсам, бізде бәрі қыз болып туады деп ешқашан ойлаған жоқпыз. Бірақ басталған соң, кері шегінер жол қалмады!” – деп жазды ол.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының сан түрлі сұрағын тудырды, көп қолданушы оның қыздарын қалай шатастырмайтынына таңданды.
Сондай-ақ кейбірі мұның болашақта балаларға қалай әсер ететінін уайымдап, олардың дербестігін шектеп қоюы мүмкін деп қауіптенді.
Алайда Хеффернан мұндай назардан ыңғайсызданбайтынын және төрт қызының бәріне Мэри деп ат қойғанына ерекше мақтанатынын айтты.
“Интернетте әрдайым біреудің өз пікірі болады. Мен бұған алаңдап, көп уақытымды жоғалтпаймын. Керісінше, бұл адамдарға бізді және мал шаруашылығындағы отбасылық брендімізді [Five Marys деп аталады] жақсырақ есте сақтауға көмектеседі”, – деді ол Daily Mail-ға берген сұхбатында.
Фото: Supplied/Tiana Sheridan Photography
Мэри Хеффернанның айтуынша, қыздар өз есімдерін жақсы көреді. Сондай-ақ ол Хеффернан өз әулетінде Мэри есімді “күшті, өзіне сенімді әрі шабыт беретін” туыстары көп болғанын айтты.
Сондықтан тұңғыш қыздары дүниеге келгенде-ақ, оған осы есімді бергілері келетінін бірден түсінген.
“Бұл есімді алып жүру – мен үшін үлкен мәртебе. Ал алғашқы қызымызға Мэри деген ат беру бір әжеміздің рухына құрмет көрсетудің және дәстүрді жалғастырудың табиғи жолы сияқты көрінді. Маған бұл есім уақытқа тәуелсіз әрі мәнді болып сезілді”, – деді ол.
Кейін екінші қыздары туған кезде де, Хеффернан “тағы бір әжесінің құрметіне” оны да Мэри деп атауды шешкен.
Осыдан кейін бұл үрдісті жалғастыру керек сияқты әсер пайда болған көрінеді.
“Біз Мэри, Мэри және Салли сияқты әртүрлі ат қоюға бара алмадық! Сол кезде осы нұсқаны ұстануға тура келді”, – деді ол.
Фото: Supplied/Tiana Sheridan Photography
Ол күйеуі екеуі төрт қыз бала дүниеге келеді деп күтпегенін жеткізді.
“Бірақ бақытымызға орай, бізде есімдерін арнауға болатын мықты Мэрилер әлдеқайда көп болып шықты”, – дейді ол.
Уақыт өте келе Мэри есімі олардың отбасының ажырамас бөлігіне айналып, отбасылық мәдениетті біріктіретін құндылыққа ұласқан. Бұл, әсіресе, қазіргі заманда жасөспірім тәрбиелеп отырған кезде, оған тіпті де қымбат көрінеді екен.
“Мэри – күшті есім. Мен үшін ол кішіпейілділікті, төзімділікті және қуатты білдіреді. Бұл есім ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келеді, әрі оның біздің отбасымыздың негізін білдіретінін ұнатамын”, – деді ол.
Хеффернан олардың шешіміне бастапқыда кейбір достары мен туыстары “таңғалғанын” да жасырмады.
“Кейбіріне бұл дәстүрден тыс көрінді. Бірақ бізге ең жақын адамдар мұның жаңалық қуғандықтан емес, дәстүр мен мағынаға сүйенген шешім екенін түсінді”, – деді ол.
Оның сөзінше, төртінші бала дүниеге келгенде кейбірі тіпті сұрақтың астына алып, “Джордж Форманға ұқсас” пікірлер де көп жазылған.
Хеффернан қыздарын шатастырып алмас үшін әр қызына күнделікті қолданатын лақап ат қойғанын түсіндірді. Үлкен қызы Мэри Фрэнсис – Фрэнси, екіншісі Мэри Марджори – Мейзи, үшіншісі Мэри Джейн – ДжейДжей, ал кенжесі Мэри Тереза – Тесса.
“Күнделікті өмірде бұл сирек шатастырады… тек бүкіл отбасымызбен әуежайда тексерістен өтпек болғанда ғана”, – деп әзілдеді Хеффернан.
Ол бұл “болашақта бұл қыздарының дербестігіне әсер етуі мүмкін” деп алаңдағандарға да жауап берді.
“Олардың әрқайсысында өзіндік қадір-қасиет сезімі берік және мінездері мүлде бөлек. Ортақ есім оларды анықтап берген жоқ, керісінше, отбасылық дәстүрмен байланыстырды”, – деп қорытындылады ол.
Айта кетейік, бұған дейін жоғары жалақы алатын жұмысын тастап, Германиядағы базарда сатушы болған қазақстандықтар қиындықтары туралы айтып бергені хабарланған еді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты