Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүйсенова Қырғыз президентінің "Қазақстанда зейнетақы аз" дегеніне қатысты пікір білдірді

Еңбек және әлеуметті қорғау министрі Тамара Дүйсенова еліміздегі әлеуметтік төлемдер мемлекеттің ішкі мәселесі екенін айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Қазақстан мен Қырғызстан үнемі бір-бірін қолдап келе жатқан елдер. Әлеуметтік төлемдердің көлемі мен оның деңгейі – әр мемлекеттің ішкі мәселесі. Біз ешқашан өзге елге неге төлем көлемің аз деп сауал қоймаймыз. Қазақстанда әлеуметтік көмектер мен қолдауға кететін шығыен ЖІӨ-нің 4,2 пайызын құрайды. Біз мұны айтып жатпаймыз, сынамаймыз, себебі бұл әр елдің ішкі шаруасы”, – деді министр.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан басшылығын өз елдеріндегі сайлауға араласты деп айыптап, қазақстандық байлар өз елдерін тонап жатыр деп пікір білдірген еді. Атамбаев Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жоғары бола тұра, неге зейнетақылары аз деп сөйлеген болатын.

“Қазіргі кезде Қазақстанда зейнетақы көлемі көршімізге қарағанда 2,6 есе жоғары. 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы күшіне енсе, онда үш жарым есеге дейін артықшылық орнайды”, – деді Дүйсенова.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасының аттасы: Нұрсұлтан ата арманымның орындалатынын айтты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Сапарбаев президент екеуінің арасында болған әңгімені көпшілікке айтты

Ақтөбеге барған Назарбаев Сапарбаевтың жұмысынан мін таппады

Талқылау