Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой: Халықты түрлі түске бөлу - олардың жүріс-тұрысын шектеу емес

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой “Ashyq” мобильді қосымшасы жайлы түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Цой

"Елімізде 13 мыңннан астам бизнес субъектілері әлі күнге дейін қызметтерін жалғастыра алмай отыр. Осыған орай, "Ashyq" мобильді қосымшасын «Атамекен»  ҰКП, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша отандық IT-компания әзірледі.  Бүгінде пилоттық режимде "АSHYQ" қосымшасы Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында қызмет көрсетуге рұқсат етілген объектілерде (фитнес-орталықтар, спа-орталықтар, бассейндер, моншалар, кинотеатрлар) іске қосылды. Қазір 40 объекті “Ashyq” пилотына ерікті түрде қатысуда", - дейді Цой. 

Айтуынша, QR-код әрбір қазақстандыққа емес, бизнес нысандарына беріледі. 

"Ashyq" мобильді қосымшасы және QR-коды арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, клиенттің коронавирус жұқтырған-жұқтырмағанын білуге болады. Бұған қоса, нысанның санитарлық шарттарына орай оған кіруге деген рұқсаттың болуын көрсетеді. Ескере кететін жайт, QR-код тек бизнес субъектілеріне тағайындалады. Ал клиент қосымшаны телефонына жүктеп, тіркеліп, нысанның QR-кодын сканерден өткізіп көре алады.

Сонымен қатар, халықты түрлі-түспен бөлу қазақстандықтардың жүріс-тұрысын бақылап, оған шектеу қою деген сөз емес. Бұл азаматтың сырқаттанғанын немесе науқаспен байланыста болғанын анықтайды" , -деп қосты министр . 

Бұған қоса, Цой аталмыш қосымша пандемия шарттарында қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау үшін құрылғанын жеткізді. 

"Ashyq" мобильді қосымшасын енгізу - ерікті үдеріс. Бұл тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін және вирустың таралмауы үшін дайындалды. Сонымен қатар, карантин шектеулері кезінде бизнестің тоқтап қалмауына бағытталады", - деді ведомство басшысы.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Ақпан, 2021 15:58
Талқылау