Жапонияда COVID-19-ға қарсы таблеткалар жасалды
Жапонияның "Сионоги" (Shionogi&Co) компаниясы өзінің COVID-19 таблеткасын сынақтан өткізуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Wall Street Journal-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрілер күнделікті қабылдауға арналып дайындалған. Препарат аурудың симптомдарын бір аптадан аз уақытта жояды деп жоспарланып отыр. Препарат протеаза – ферменттің белсенділігін тежейді, оның көмегімен вирус адам ағзасында өзін көшіру арқылы көбейеді.
Бұған дейін австралиялық ғалымдар спрей түрінде COVID-19-қа қарсы вакцина жасайтындығын мәлімдеген болатын: олар қазірдің өзінде препараттың клиникалық сынақтарының бірінші кезеңін бастап кетті. Әңгіме SARS-CoV2 ДНҚ-ны қолдану арқылы жасалған препарат жайлы болып отыр. Вакцина инемен емес, реактивті шашыратқыштың көмегімен жасалады. Спрей теріге жоғары қысыммен еніп кетіп, иммундық жүйені қарсы жүйе түзуге ынталандырады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды