COVID-19-ға қарсы вакциналар бедеулік тудырады: Ақпарат қазақстандықтарды шошытты
Әлеуметтік желіде COVID-19-ға қарсы вакциналар бедеулікке әкелетін С-реактивті ақуызының белсендірілетіні туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
С-реактивті ақуыз немесе CRP – қан плазмасындағы ақуыз, ағзада қабыну кезінде оның мөлшері артады. Бұл ақуыздың деңгейі, сондай-ақ СОЭ деңгейі бойынша дәрігерлер қабыну процестерін анықтайды.
Демек, С-реактивті ақуыз деңгейі бірқатар әртүрлі аурулар кезінде жоғарылауы мүмкін, олардың көбі ауыр дерт емес. Адам жазылғаннан кейін ақуыз деңгейі қалпына келеді.
COVID-19 кезінде кейбір науқастарда дәрігерлер С-реактивті ақуыз деңгейінің жоғарылауын байқайды. Мұндай жағдайларда арнайы емдеу тағайындалады.
Жүктілік кезінде С-реактивті ақуыз деңгейінің жоғарылауы мерзімінен бұрын босануға әкелуі ықтимал, бірақ жүктілікке дейін ағзадағы осы ақуыз деңгейінің бір реттік көтерілуі фертильділікпен проблемалар тудыруы мүмкін емес.
Созылмалы қабыну аурулары болғандықтан С-реактивті ақуыздың жоғары деңгейімен өмір сүретін әйелдерде де бала көтерумен қиындықтар болуы мүмкін. Алайда зерттеу нәтижелері бұл мәселені күнделікті "Аспирин" қабылдау арқылы шешуге болатындығын дәлелдейді.
Өте сирек жағдайларды қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакциналар ағзада қабыну процестерін тудырмайды, демек ағзадағы С-реактивті ақуыз деңгейі жоғарыламайды. Миокардит пен перикардит сияқты вакцинацияның сирек жанама әсерлері дамыған кезде, көп жағдайда қабыну жеңіл және қысқа мерзімде өтеді.
Демек, қабыну процесі созылмалы түрге ауыспайды және адам жазылғаннан кейін С-реактивті ақуыз деңгейі қалпына келеді. Осылайша, ол фертильділікке әсер ете алмайды.
Таратылған ақпарат фейк және деректермен манипуляциялау болып табылады. Жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қандағы С-реактивті ақуыз деңгейін көтермейді және ұрпақ жалғастыру қабілетіне әсер етпейді.