Collins Dictionary сөздігі вайб-кодингті 2025 жылдың "жыл сөзі" деп атады

Фото: pixabay.com
Collins English Dictionary "вайб-кодинг" (ағылш. vibe coding) сөзін жариялады 2025 жылдың сөзі деп атад. Бұл термин жасанды интеллект пен дұрыс берілген промпт көмегімен код жазбай-ақ сайт немесе бағдарлама жасау процесін білдіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сөзді словак-канадалық ғалым, OpenAI тең-құрушысы және Tesla компаниясының бұрынғы жасанды интеллект жөніндегі директоры Андрей Карпатый енгізген. 2024 жылдың ақпанында ол әлеуметтік желілерінде ИИ арқылы бағдарламашылардың "вайбқа енуге" және "код бар екенін ұмытуға" мүмкіндік беретін процесті сипаттаған. Оның айтуынша, ол тіпті кодтағы қателерді де өзі түзетпейді: қате туралы хабар шықса, оны еш түсіндірмей жасанды интеллектке жіберіп қояды, көп жағдайда ИИ қателерді өзі жөндейді. Ал егер жөндемесе, ол жолын өзгертіп көреді немесе рандом өзгерістер енгізуді сұрайды — қате жоғалғанша осылай жалғастырады.
"Мен нақты код жазбаймын — бірдеңе көріп, бірдеңе айтамын, бірдеңе іске қосамын, көшіремін, қоямын — көбіне осының өзі жұмыс істей береді", – деп жазған Карпатый.
Бағдарламалаудан мүлдем хабары жоқ адамдар да жасанды интеллектке қарапайым тапсырма бере алады: мысалы, "маған апталық тамақтану жоспарымды жасайтын бағдарлама құрып бер". Күрделі міндеттер әлі де болса кодтау дағдыларын талап ететіні рас, бірақ вайб-кодинг программист емес адамдарға да өздерінің цифрлық өнімдерін жасауға жол ашты.
Дегенмен бұл әдіс мінсіз емес: жасанды интеллект жасаған код шынымен дұрыс жұмыс істейтініне және қателерден ада болатынына ешқандай кепіл жоқ.
Collins бас директоры Алекс Бикрофттың айтуынша, бұл термин "тілдің технологиямен қатар қалай өзгеретінін дәл көрсетеді".
Аталған сөз – 2025 жылдың көңіл-күйін, алаңдаушылықтарын және тілдік трендтерін айқындайтын он сөзден тұратын шорт-парақтың бірі. Барлық сөздер 2025 жылы пайда болған жоқ, бірақ Collins-тің бағалауынша, дәл осы жылы кең қолданысқа енген.
Мысалы, "кланкер" (clanker) — "Жұлдызды соғыстар" әлемінде роботтарды кемсітушілік мәнде атау үшін қолданылған сөз. Бұл сөз clank ("шоңқылдау, сықырлау") түбірінен шыққан, мағынасы шамамен "темір-терсек". Ол алғаш рет 2005 жылы "Star Wars: Republic Commando" видеогромында пайда болған. 2025 жылдың шілдесінде TikTok-та трендке айналып, қолданушылар ИИ-роботтарға қатысты "темір-терсекке" деген ашуларын бөліскен.
"Аура-фарминг" (aura farming) – біреудің "өте керемет көріну" үшін әрекет етуі, әсіресе оны камераға түсіріп тұрғанын білген кезде, яғни алғаш 2024 жылдың қаңтарында пайда болған, ал 2025 жылы ерекше танымал болды.
"Бролигархия" (broligarchy) — bro ("дос, тип") және oligarchy ("олигархия") сөздерінен құралған термин. 2024 жылдан бастап әлемдік ірі технологиялық компаниялардың бай және ықпалды басшыларын, сондай-ақ ықтимал саяси әсері бар кішкентай топты сипаттау үшін қолданылған. 2025 жылы терминнің танымалдығы Дональд Трамптың инаугурациясына осы басшылардың көпшілігі қатысқаннан кейін одан әрі артты.
Шорт-листке енген өзге сөздер:
– "Биохакинг" (biohacking) — денсаулықты жақсарту және өмірді ұзарту мақсатында ағза процесстеріне араласу.
– "Кулкейшн" (coolcation) — климаттық тұрғыдан салқын жерде өткізілетін демалыс (cool + vacation).
– Glaze — біреуді шамадан тыс немесе негізсіз мақтау.
– Henry (акроним: high earner, not rich yet) — табысы жоғары, бірақ әлі байлық жинап үлгермеген адам.
– "Микропенсия" (micro-retirement) — адамның жұмыстан уақытша үзіліс алып, жеке шаруалармен айналысатын кезеңі.
– "Таскмаскинг" (taskmasking) — өнімді болып көріну үшін бос әрекетпен айналысу, жалған белсенділік көрсету.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді