Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігі SIM-картаны тіркеудің жаңа ережелерін еске салды

сим карта

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға SIM-карталарды тіркеудің жаңа ережелерін еске салды. Енді SIM-картаны рәсімдеу биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, елде бір адамға жеке және отбасылық қажеттіліктер үшін онға дейін SIM-картаны тіркеуге мүмкіндік беріледі.

“Бұдан артық нөмірлерді рәсімдеу тек нақты негіздеме болған кезде және олардың қандай құрылғыларда пайдаланылатыны көрсетілген жағдайда жүзеге асырылады. Бұл шешім нөмірлерді жаппай тіркеу арқылы жасалатын алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған. Абоненттерді сәйкестендіру талаптары да күшейтіледі. Енді SIM-карталарды рәсімдеу биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл талап бизнес құрылымдарға да қатысты: қызметтік мақсатта SIM-карта берілетін барлық қызметкерлер жеке басын растауы тиіс. Мұндай тәсіл телефон нөмірлерін жасырын пайдалануды болдырмай, олардың заңды әрі жауапты қолданылуын қамтамасыз етеді”, – делінген хабарламада. 

Міндетті биометриялық сәйкестендіру SIM-карталардың делдалдар арқылы заңсыз сатылу мәселесін де шешуге мүмкіндік береді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметі абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана іске қосылады.

Назархан Уән
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 16:23