Цифрлық даму министрі TikTok жұмысындағы мәселеге байланысты VPN-ді қолданбауға кеңес берді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәжіліс кулуарында TikTok әлеуметтік желісіндегі ақауға қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Министрдің сөзінше, әлеуметтік желінің трафигіне цифрлық даму министрлігі емес, мәдениет және ақпарат министрлігі жауапты.
"Бірақ біз VPN қолдану TikTok жұмысын баяулатады. Себебі ІР мекенжай өзгерген кезде қазақша және орысша контенттің модераторлары заңға қайшы трафикті тез анықтай алмайды", – деді ол.
Министрдің сөзінше, аталған платформа өкілдерімен қазір TikTok жұмысындағы ақауға байланысты келіссөз жүргізіліп жатыр.
"Трафикті реттеу бойынша, айтып өткенімдей, бұл мәдениет және ақпарат министрлігінің құзырында. TikTok жұмысына кедергі келтіретіндей интернеттегі ақауды байқап отырғанымыз жоқ", – деп қосты Жаслан Мәдиев.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"