Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Честер Беннингтонның жесірі іштегі жанайқайын жеткізді

40 жастағы экс модель Талинда күйеуі Честер Беннингтонның өлімінен кейін енді ғана есін жиып жатқанын айтып жанайқайын жеткізді.

Без названия

Бұл туралы People журналында жазылды.

“Бір апта бұрын жаным мен жүрегімнің жартысын, ал балаларым сүйікті әкелерін жоғалтты. Менің балаларым әкелерін жоғалтуға дайын жаста емес еді. Олар әлі кішкентай. Ертегідей таңғажайыпқа толы өміріміз Шекспирдің трагедиясына айналды. Ары қарай қалай өмір сүрмекпін? Өзімді қалай жинақтаймын? Балаларымды бұрынғыдай махаббатқа бөлемеске амалым жоқ.

Бұл тығырықтан шығудың басқа жолын көріп тұрған жоқпын. Честердің тыңдармандарының қолдауын сезініп жүрмін! Сіздердің де қайғырып жүргендеріңізді білеміз. Ол туралы естеліктердің мәңгілік өмір сүргенін қалаймын. Ол періштедей пәк жан еді. Қазір оның үні біздің жүрегімізде. Жаратқан осы қиындықты өткеруге күш берсін. Честер де осыны қалайтын еді. Сүйіктім, жаның жәннатта болсын”, – дейді Талинда.

Честер мен Талинда 2006 жылы үйленіп, осы күнге дейін бес бала тәрбиелеген. Үш баланы Талинда өзі дүниеге әкелсе, қалған екеуін асырап алған.


Жіберіп алмаңыз:

Жартылай жалаңаштанған Валерия тыңдармандарының көңілін қалдырды (фото)

“Еуразия” кинофестивалінің бас жүлдесін «Оралман» картинасы жеңіп алды

Ұстаз: Қадірі жоқ әншілер билетін зорлап өткізеді

Мәдина Сәдуақасова концертінің билеттерін 20 мыңға сатып жүргендерді көріп шошыған

Талқылау