Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойында "Арсенал" жеңіліп қалды

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында ағылшындық “Арсенал” футбол клубы француздық “ПСЖ” командасымен жолықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кеше Лондонда орналасқан "Эмирейтс" стадионында 2024/25 жылғы маусымның Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчы өтті. "Арсенал" мен "Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) кездесіп, қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның жалғыз голын 4-минутта Усман Дембеле соқты. Оған голдық пас берген — Хвича Кварацхелия.
"Арсенал" есепті теңестіруге тырысқанымен, Ляндро Троссар мен Габриэль Мартинелли сынды ойыншылардың шабуылдарына қарамастан, ПСЖ қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Жауапты матч 7 мамырда Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтеді. "Арсеналға" финалға шығу үшін бір голдық айырмашылықты жою қажет. Финал ойыны Мюнхенде өтеді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

