Чемпиондар лигасының 4-турында “Қайрат” “Интерден” 2:1 есебімен жеңілді

Чемпиондар лигасының 4-турында алматылық “Қайрат” клубы сырт алаңда Джузеппе Меацца стадионында “Интерге қарсы матч өткізді. Матч 2:1 есебімен “Интердің” пайдасына аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын алғашқы минуттан-ақ қарқынды басталды. Тартысқа толы матчта “Интер” алматылық клубтың қақпасына бірнеше мәрте қауіп төндіріп, Темірлан Анарбеков қақпаны голдан аман сақтап қалды.
Қайраттықтар да қарсы шабуылдар жасап, осал тұсын табуға тырысты. Алайда “Интердің” қорғанысын бұза алмады. Ал бірінші таймның 45-минутында “Интер” сапынан Лаутаро Мартинес есеп ашып, командасына алға шығарды.
Нәтижесінде екінші таймның 55-минутында “Қайраттың” капитаны баспен соққы жасап, “Интердің” темір қақпасын бұзып, таразы басын теңестірді.
Дегенмен көп ұзамай “Интер” құрамасынан Карлос Аугусто “Қайрат” қақпасынан саңылау тапты.
Осылайша “Интер” мен “Қайрат” арасындағы ойын 2:1 есебімен италиялық клубтың пайдасына аяқталды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін

