Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынды

Александр ПеретягинФото:championat.com

Ресейдің шана спортынан екі дүркін әлем чемпионы Роман Репилов және тағы бір спортшы Александр Перетягин ақша жымқырды деген күдікпен уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2025 жылдың қараша айының соңында қос спортшы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен ұсталды.

Тергеу мәліметінше, олар спорттық шаналар сатып алуға бөлінген 11 миллион рубль бюджет қаражатын жымқырған.

Ал 2025 жылдың 17 желтоқсанында Красноярск қаласының Орталық аудандық соты Репиловтың қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 20 ақпанына дейін ұзартты.

Айта кетейік, Роман Репилов – 29 жаста, 2 дүркін әлем чемпионы. Cонымен қатар 2 мәрте күміс және қола жүлде жеңіп алған.
Александр Перетягин – 33 жаста, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері және Сочидегі Олимпиада ойындарына қатысқан.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 18 Желтоқсан, 2025 15:39