"Челси" сатып алған қазақстандық футболшы қазақ тілін білмегені үшін сынның астында қалды
“Челси” ойыншысы атанған футболшы Дастан Сәтпаев қазақ тілін білмегені үшін оңбай сынға қалды. Archibalt лақап атымен тамыл қазақстандық блогер Артур “Челси” ойыншысы атанған 16 жастағы футболшыға араша түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/sportilinet
Блогер қазақ тілін білмейтін қазақтарды кешірмейтін қоғамды сынады.
“Өкінішке қарай, бізде осылай қалыптасқан. Егер сен қазақ бола тұра ана тіліңде сөйлемесең, сенен бәрі теріс айналуға дайын. Елің үшін диванда жатып алып, сенің көки беретіндермен салыстырғанда әлдеқайда көп дүние жасасаң да олар сенің қателесіп, шалыс басқаныңды күтіп отырады. Неге, керісінше, қолдап, үйретіп, көмектеспеске? Бұл менүшін ғана емес, 16 жасында ел имиджі үшін еңбек сіңірген Дастан үшін де үлкен мәселе”, – дейді ол.
Айтуынша, желі қолданушылары Дастанды да, өзін де тіл білмегені үшін жерде алып, жерге салып жатқан көрінеді.
“Мен Қазақстан үшін көп нәрсе жасаған, бірақ негізінен орыс тілінде сөйлейтін шынайы патриоттарды көп білемін. Басқалармен салыстырғанда олар елге көп үлес қосты. Отанымызда әрқашанда тыныштық болсын, бастарымыз аман болсын, қай тілімен сөйлесек те, бір-бірімізге дос-бауыр болайық", – деп жазды блогер.
Бұған дейін Дастан Сәтбаевтың Челси футбол клубынан қанша жалақы алатыны туралы жазған едік.
Қазақтың атын шығарса нағыз қазақ шығарсын. Шала қазақтың бізге қажеті жоқ. Осы бір Дастанның керемет футболшы болатынына күмәнім бар.