Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Челах бәрін айтқан жоқ: Арқанкергенде қаза тапқан жауынгердің анасы ұлының өліміне сенбейді

Арқанкерген шекара бекетінде қайтыс болған жауынгер Денис Рейдің анасы Татьяна Рей Владислав Челахтың істі Жоғарғы Сотта қайта қарау туралы өтінішінің қалай өрбитінін басынан аяғына дейін бақылаған.

Челах бәрін айтқан жоқ: Арқанкергенде қаза тапқан жауынгердің анасы ұлының өліміне сенбейді

Бұл туралы қайтыс болған жауынгердің анасы Sputnik Қазақстанға айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұл менің ұлыма қатысты, себебі мен оның қайда екенін және оған не болғанын әлі білмеймін. Барлық ата-ананы Челахтың өтінішін қайта қарайтыны жөнінде хабардар еткен болатын, бірақ менің білуімше, онда ешкім бармады. Бұл іске қатыстының бәрін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біліп отырдым, бірақ ешқандай өзгеріс болмайтындығына сенімді болдым», – дейді әйел.

Естеріңізде болса, 2012 жылдың 28 мамырында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Арқанкерген» шекаралық бекетінде 14 шекарашы мен аңшы қайтыс болған болатын. Алайда, бұл оқиға жайлы тек екі күн өткеннен кейін ғана белгілі болды.

Сонда елде тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет ұлттық аза тұту жарияланды.

Ал сол шекара бекетінде аман қалған жалғыз әскери қызметші, 19 жастағы Владислав Челах 4 маусымда 24 шақырым жерден ұсталды. Бастапқыда шекарашыларға белгісіз тұлғалардың шабуыл жасалғандығы туралы хабарланған болатын, бірақ кейіннен тергеушілер шекарашылар мен аңшыны Челахттың өзі атып өлтірген, содан кейін казарма мен мәйіттерді өртеген деген қорытындыға келді. Бастапқыда күдіктінің өзі бәрін мойындаған еді.

Алайда, айдың аяғында Владислав Челах ол түсініктемені психологиялық әсермен бергенін және ешкімді өлтірмегенін, тек өртті ғана ұйымдастырғанын айтып, айғақтарды жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол шекара бекетінен қашу себебін де түсіндіріп берді. Ол осындай шабуылдан жалғыз тірі қалған адамға ешкім сенбейтін болады деген үреймен қашқан екен. Сол себептен өзін де өрт салдарынан қайтыс болған деп ойласын деген оймен өрт ұйымдастырған.

Бірақ, 2012 жылдың 11 желтоқсанында бұл қайғылы оқиғаға қатысты сот шешім шығарылып, Челах 15 адамның өліміне кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Арқанкерген өрті қаза болғандардың көптеген куәліктері мен денелерін ғана емес, олардың туыстарының шекарада не болды екен деген әлсіз үміттерін де жойды.

Өкінішке орай, марқұмдардың бәрінің мәйітін 2012 жылдың 1 маусымында талдама жасату үшін елордаға алып келгенімен, олардың бәрінің аты-жөнін ДНҚ сараптамасы арқылы анықтау мүмкін болмады. Қазақстандық мамандар тек 11 жауынгерді ғана анықтай алды. Ал қалған сүйек қалдықтары Германияға әрі қарай зерттеуге берілді.

Еуропалық геномдық зерттеулердің нәтижелері 2012 жылдың қыркүйегінде дайын болған болатын. Оның нәтижелері бойынша шекарашы Рүстем Ақылбаевтың ғана жеке басы анықталды.

Ал Денис Рэй – Павлодар облысының Успен кентінің тумасы. Ол жеке басын анықтау мүмкін болмаған шекарашылардың бірі. Сонда Денистің отбасына «оның сүйегі жиынтық дәлелдемелер негізінде» анықталды деген қаулы берілді. Яғни, оның жеке басы оқиға орнын тексеру, сарапшылардың пікірі мен Челахтың оқиға туралы айтқан сөзінің негізінде анықталды деген.

Бірақ, шекарашының анасы Татьяна Рей әлі күнге дейін өмір бойына түрмеген қамалған Владислав Челахтың оқиға туралы білетінінің бәрін айтпай отыр деп санайды.

«Арқанкергенде ұлдардың да, аналардың да өмірін алып кетті. Өйткені бұл өмір емес, таблетка арқылы тіршілік ету. Миым бұл ет тартқыштан ешқайсысы аман шықпады десе, жүрек қашып кеткендер болды деген әңгімелерді тыңдауға мәжбүрлейді»,- дейді қайтыс болған шекарашының анасы.

Татьянаның айтуынша, соңғы жеті жылда Рей отбасына қатысты көп қауесет айтылды. Мысалы, әйел қайтыс болған ұлы үшін миллиондаған өтемақы талап етпегенін айтты, себебі оған мұндай жолмен ешқандай ақша қажет емес. Бұл Челахтың қорғаушысы Серік Сарсеновтың бастамасымен жасалған болатын. Сондай-ақ, Денистің қабірінде ешқандай талаушылық болған жоқ, себебі оның қабірі де жоқ. Ал туыстары күлді жерлеуден бас тартты, өйткені олар оның Денистің қалдықтары екеніне сенімді емес.

Айта кетсек, бұған дейін істі қайта қарауды өтінген Челахтың тағдырының бір сағаттан аз уақытта шешілгенін жазған болатынбыз.

Талқылау