Cербияда 100 мыңнан астам адам наразылыққа шығып, президенттің отставкасын талап етті
15 наурызда Белградта аса ауқымды митинг өтті. Сыбайлас жемқорлық пен үкіметке қарсы шеруге 107 мың адам қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Наразылық акциясына тек Сербия астанасының тұрғындары ғана емес, елдің түкпір-түкпірінен жиналды. Көшеге негізінен студенттер шықты, оларға трактор айдаған фермерлер, мұғалімдер, байкерлер қосылды. Сербия полициясының мәліметінше, акцияға 107 мың адам қатысқан.
Митингке қатысушылар елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығып, президент Александр Вучичтің қызметтен кетуін талап етті. Ал Вучич наразылық акцияларын заңсыз деп атады.
Бұған дейін наразыларға қарай бір көліктің кіріп кеткені хабарланған. Полицияның айтуынша, үш адам жараланған, жүргізуші ұсталған.
Сербияда наразылық 2024 жылы 1 қарашада Сербияның Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратының бетон шатыры құлағаннан кейін басталған. Содан 15 адам қайтыс болды. Наразылар қайғылы оқиға сыбайлас жемқорлықтың кесірінен болды деп есептейді. Олар Серб прогрессивті партиясы мен президент Александр Вучичтің отставкаға кетуін және ауыспалуы үкіметтің құруды талап етті.