Қаржы пирамидасына алданып қалған Бүркіт халықты сақ болуға шақырды
Аз көлемде ақша құйып, бай болып шыға келесің! Қаржы пирамидалары халықты алдап, арбауына түсіреді. Пирамиданың құрығына әнші Бүркіт те түсіп қалған. Ол бастан өткен оқиғасымен бөлісіп, өзгелерді сақ болуға шақырды.
Бұл туралы Бүркіт “Хабар” арнасының “Тікелей эфир” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
“Былтыр күзде маған біреу хабарласты. “Сіздің телефоныңыз осындай байқауға қатысты, сіз жақсы сыйлық ұттыңыз”, – деді. “Не сыйлық?” деп қызықтым. Адам баласы деген өзі қызық қой, көргің келеді. Аишаны ертіп бардым. Кірдік, 20 шақты адам отыр екен. Бір кезде тақтаға сызып, өздерінің жоспарларын айта бастады.
Шыдай алмай: “Қандай сыйлық?” дедім. “Күте тұрыңыз” деді. Сосын алданып қалғанымды сездім. 20 шақты адам, қарапайым халық. Арасында біз сияқты елге белгілі адамдарды шақырып қояды екен. Жобаның аяғына қарай жүйкем қоза бастады. Қалай сонда? Сендерге 500 доллар беріп кіресің, оны екі айдан кейін 1500 доллар етіп қайтарасыңдар. Сөйтіп 10 минуттан кейін бізді бөлек шығарып алды. Бізден пайда жоқ екенін түсінді. Өйткені 18 адамынан айырылып қалады ғой. “Сіздерге шетелге жолдама береміз, міндетті түрде ұтасыздар” деді. Оңбағансыңдар деп ұрсып кеттім. Ондайларға ешқашан сенбеңіздер. Олар сыйлық береміз деп алдап, қармаққа түсіруді көздейді”, – дейді Бүркіт.
Жіберіп алмаңыз:
Халықты алдамақшы болған Абай Бегейдің өтірігі ашылып, ұятқа қалды (фото,фидео)
Құдай жалғыз: Баян Мақсатқызы мешітте де, шіркеуде де өзін жайлы сезінетінін айтты
Мәдинаға ұқсайды: Қарақат Әбілдинаның жаңа образы желіде қызу талқыға түсті