Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұйрықты да интернет арқылы белгісіз біреуден алған": Динара Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікпен 5 жасөспірім ұсталды

Алматыда белгілі журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп, "Ел медиа" редакциясының кіреберіс есігінің терезелерін сындырды деген күдікке ілінген бес адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық полиция департаменті полицейлер 2005, 2006 және 2007 жылы туған бес кәмелетке толмаған баланы ұстағанын хабарлады.

Сотталушылардың айғақтарына қарағанда, олар екі бұйрықты да интернет арқылы белгісіз біреуден алған. Тапсырыс беруші оларға "жұмыс" үшін ақша төлеген.

"Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Тергеу жалғасуда", –делінген хабарламада.

Бұл ретте тапсырыс берушінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Барлық фактілер бойынша қосымша ақпарат тергеу толық аяқталғаннан кейін жарияланады.

Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске сала кетсек, 13 қаңтар күні кешке Алматыда Динара Егеубаеваның көлігі бір үйдің ауласында өртеніп кеткені белгілі болды. Ол әлеуметтік желіде бұл оқиғаны өз өміріне жасалған қастандық деп бағалайтынын айтты.

 

Талқылау