Бұйрық жобасы электр энергиясы тарифтерінің 7 жылға өспейді дегенді білдірмейді – Энергетика министрлігі
Фото: pixabay.com
Энергетика министрлігі электр энергиясына арналған шекті тарифтерді жеті жыл мерзімге бекітуді көздейтін бұйрық жобасы тарифтердің өзгеріссіз қалатынын білдірмейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның айтуынша, "жеті жылға тарифтерді қатыру" жөніндегі пікірлер шындыққа жанаспайды.
"2025 жылдың соңында қолданыстағы тарифтік кезең аяқталатындықтан, жаңа жетіжылдық кезеңге тарифтерді алдын ала белгілеу – заңмен көзделген міндетті процедура. Жобада көрсетілген тарифтер 2025 жылғы деңгейде қалдырылған, себебі министрлік қолданыстағы мораторийге байланысты бағаны көтеруді заң жүзінде қарастыра алмайды", – делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство шекті тарифтердің алдағы жылдары қайта қаралу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Тарифті өзгерту тек нарықтық жағдай өзгерген кезде немесе энергия өндіруші компаниялар экономикалық тұрғыдан негізделген шығындарын өтеу үшін ұсыныс енгізген жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.
Министрлік құжаттың қазіргі жағдайды ғана бейнелейтінін және мораторий аяқталғаннан кейін тарифтерге түзету енгізу ықтималдығы бар екенін атап өтті.
Қазақстан 2029 жылы электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді
Жұманғарин жылу және электр энергиясы тарифтерінің өсетінін ескертті
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін 2026-2032 жылдар аралығында 2025 жылғы деңгейде сақтау ұсынылған. Бұл бастама президенттің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасынан кейін қабылданған. Энергетика министрлігі әзірлеген бұйрық жобасы тарифтердің жеті жылға өспеуін көздейді, алайда құжат әзірге қоғамдық талқылау кезеңінде тұр және 17 желтоқсанға дейін ұсыныстар қабылданады.
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр