Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұты қисық екен": Ерке Есмахан балаларын кемсіткен оқырманына ашуланды

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан баласын кемсіткен оқырманына ашуланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі ұлдарын көрсетіп, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары балаларын тексерту керегін айтты. 

“Аяғын тексерту керек”, “Д3 дәрумені жетпейтіні көрініп тұр”, “Бұты қисық екен”, “Аяқ сүйектері қисайып кеткен бе?!”, – деп жазды көпшілік. 

Өнер иесі оқырмандарына ашуланып, баласының дені сау екенін жазды. 

“Сіздер айтқандай емес. Өзі “томпи-сомпи” болып тұр. Осы балаларды басынан-аяғына дейін тексертіп, әлпештеп, бағып отырмыз. Менің жетісіп, жетпейтін жерімді айтып, енді балаларыма көштіңдер ме?! Біреуінікі – түзу, екіншісінікі – қисық. Не істейміз, ал?! Адамдарға ұнау туралы ойламай, тыныштықта өмір сүруге болады”, – деп жазды Ерке Есмахан. 



Еске салайық, эстрада жұлдызы үшінші рет ана атанған еді. Бірақ желі қолданушылары әншінің қатты салмақ қосқанын айтты. 

“Кішкентай ғана Батырым, анасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған "толыпсың", "семізсің" деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам, қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар. Сәлден соң 90-60-90 болып аламын. Сөзім – сөз", – деп жазды әнші.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 14:54
Талқылау