Бұрынғы теңізші лас шұлықтарын сатып, бір аптада 20 миллион теңге тапқан

Ұлыбританияның Корольдік флотында қызмет еткен бұрынғы теңізші лас шұлық сату арқылы аптасына 30 мың фунт стерлингке дейін (шамамен 20 миллион теңге) табыс табатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Зак Блэкман флотқа 18 жасында қабылданған. Ол әскери мансап құруды жоспарлаған, алайда үш жылдан кейін порнографиялық видео түсіргені үшін қызметтен босатылған. Осыдан кейін ол фетиш-контент жасаумен айналысып, айтарлықтай табысқа жеткен.
Ал ең табысты бағыт – аяқтың суреттері болып шыққан.
“Мұның осыншалықты үлкен нарық екенін білгенде қатты таңғалдым”, – деп мойындады ол This Morning. ұлыбританиялық телешоуға берген сұхбатында.
Блэкманның айтуынша, кейбір клиенттер бір жұп лас шұлық үшін 1 500 фунт стерлингке (1 миллион теңге) дейін төлеуге дайын. Бірде ол шұлықты шешіп жатқан бар-жоғы 30 секундтық видеоны бірнеше жүз фунтқа сатып жіберген.
“Бір адам маған әйелін үйде қалдырып, менің шұлығымды алып кету үшін жолға шыққанын айтты”, – дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін алапеске шалдығып, базарда қайыр сұраған ер адамның бірнеше үйі мен кәсібі бар болып шыққаны хабарланған еді.