Бұрынғы күйеуінің сұхбаты үшін журналисті сотқа берген Дариға Бадықова жеңіліп қалды

Актер Дархан Мұсаевтың журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатынан кейін сотқа жүгінген танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова істе жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты заңгер Инга Иманбай мәлім етті. Ол сот ісінде журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың мүддесін қорғаған.
Заңгердің мәліметінше, актриса Нұрсейіт Жылқышыбай жүргізген YouTube-сұхбатты жалған деп тануды, видеоны өшіруді, кешірім сұрауды және 1 миллион теңге моральдық зиян өндіруді, 2,5 миллион теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өтеуді талап еткен.
“Яғни материалды жою, журналист пен экс-күйеуін жауапкер ету, кешірім сұрату және 4 миллион теңгеден астам қаржыны өндірту туралы талап қойылды”, – деді ол.
Алайда сот бұл талаптарды толық көлемде қанағаттандырусыз қалдырған.
Маман жазбасында Дариға Бадықова мен экс-күйеуінің қарым-қатынасына араласпағанын, тек сөз бостандығын қорғауды мақсат еткенін алға тартты.
“Бұл іс мен үшін жай ғана кезекті процесс емес. Менің бірінші жоғары білімім – журналистика, екінші мамандығым – заңгер. Сондықтан мен үшін заңгер ретінде сөз бостандығын қорғау – кәсіби міндет қана емес, ішкі ұстаным. Бұл жерде мен ешкімнің жеке өміріне араласқан жоқпын, Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуінің қарым-қатынасына қатысты пікір білдіру де менің мақсатым емес еді”, – деді ол.
Инга Иманбай бұл істе журналистің кәсіби еркіндігін қорғау принципін ұстанғанын айтты.
“Мен қорғаған нәрсе – журналистің кәсіби еркіндігі, пікір алуандығы және авторды өз шығармашылық өнімін өшіруге мәжбүрлеуге жол бермеу принципі. Бұл – сөз бостандығын қорғау”, – деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, былтыр қазанда Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, ажырасу себептері туралы айтып, қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Сондай-ақ Дархан Мұсаев жұбайымен арасы суыған сәтті еске алып, Дариға мен Олжас Абаевтың арасында іскерліктен бөлек сезімнің барын әу бастан сезгенін айтқан еді.
Кейінірек Олжас Абай қызу талқыға түскен Дариға Бадықованың отбасына қатысты даулы оқиғадан кейін жазба жариялады.
Кейінірек Дариға Бадықованың экс-күйеуі актрисадан видеоүндеу жасауын талап еткені хабарланды.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты