Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың ұлттық тағамдары әлемдегі ең дәмсіз тамақтар қатарына енді

Бұрынғы Кеңес одағынан шыққан тағамдары ең дәмсіз елдер анықталды: Қазақстан 93-ші орындаФото: tasteatlas.com

World Population Review ұлттық тағамдары ең дәмді елдердің жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан мен Арменияның ұлттық тағамдары тізімнің соңынан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Армения мен Қазақстанның тағамдары дәмсіз деп бағаланып, тізімде 92-ші және 93-ші болып тұр. 

“TasteAtlas-тағы ең дәмсіз қазақ тағамдары тізімінде қазы, шелпек, бешбармақ және тоқаш бар. Дегенмен, бұл тағамдар армян халқының халаму мен хычины тағамына қарағанда жоғары бағаланды. Қазы мен шелпекке 5 балдың 3,3-і берілген.  Қазы – Орта Азияда кең тараған, жылқы етінен дайындалатын шұжық. Бешбармақ пен тоқаш 3,6 ұпай жинады”, – деп жазды басылым.

2024 жылы Өзбекстан, Қырғызстан және Молдова тізімде Армения мен Қазақстаннан төмен орналасқан еді. Ал 2025 жылы бұл елдер рейтингтен мүлде шығып қалып, тіпті алғашқы жүздікке де енбеді.

Ресей асханасы ең дәмді елдердің тізімінде 34-орынға жайғасты. Орыс халқының тағамдары украин тағамдарынан дәмдірек деп бағаланса, Грузия тағамдары барлық посткеңестік елдер арасындағы ең жоғары бағаға ие болды.

World Population Review деректеріне сәйкес, ең дәмді асханалар рейтингі 2024 жылдан бері айтарлықтай өзгермеген. Грекия бұрынғыдай көш басында. Ал алғашқы ондыққа Италия, Мексика, Түркия, Испания, Португалия, Индонезия, Франция, Жапония және Қытай кірді.

Ал ұлттық тағамдары ең дәмсіз елдердің қатарында Никарагуа, Лаос және Боливия бар. Олар тізімнің соңындағы үш орынды алды. 

Украина рейтингте 43-орынға, Беларусь 75-орынға жайғасты. Литва 39-орынды, ал Латвия 78-орынды иеленді. Әзербайжан 56-орыннан табылды.

 

Айым Болатқызы
Сенбі, 31 Қаңтар, 2026 19:55