Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғы әйелін 18 жерден пышақтап тастаған": Оралда аса қатігездікпен өлтірілген келіншектің туыстары әділдік сұрайды

Бұрынғы күйеуі өлтірген 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаның туыстары Бас прокуратура мен президенттің атына арыз жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Uralskweek.kz басылымына сілтеме жасап. 

Орал қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы қызметкері, 31 жастағы Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелінің жұмысына келіп, оны 18 жерінен пышақтап тастаған.

Қатты қан жоғалтқан Айнагүл Хайруллина полиция көлігінде көз жұмған. 

Басында Хайруллинге қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99 1 бөлігі бойынша қозғалған. Бір айдан кейін тергеу талабы бойынша ол 99 -баптың "Өте қатыгездікпен адам өлтіру" 2-тармағы бойынша айыпталды. 

Тергеудің жүргізіліп жатқанына төрт ай болды. Алайда Айнагүлдің туыстары тергеудің ұзаққа созылғанына күмәнмен қарай бастаған. 

"Жақында біз Хайруллиннің Талғарға психиатриялық тексеруге жіберілгенін білдік. Тергеу әрекеттері біздің күмәнімізді тудырып отыр. Неліктен тергеу осыған дейін жасалған психиатриялық тексеру нәтижесіне қанағаттанбағаны белгісіз", – дейді Айнагүлдің әпкесі Арайлым Дүйсенова. 

Оның пікірінше, Хайруллиннің туыстары оның жазасын жеңілдету үшін Айнагүлді пышақтаған кезде ол ақыл-есінен алжасып қалды деп ақтап алғысы келеді. 

“Адам өз әрекеттерін басқара алмаған кезде ойынан тыс әрекет жасайды, ол сол сәтте не істегенін де білмейді. Бірақ ол бұл әрекетке саналы түрде барды. Оны ақыл-есінен алжасқан деуге болмайды”, – дейді Арайлым Дүйсенова.  

Хайруллин кісі өлтірген орыннан өз көлігімен кетіп қалған. Жарты сағат өткен соң күдіктіні полиция ұстады. Сараптама оның қанынан алкоголь мен есірткі іздерін таппады.

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Жандос Дүйсенғалиев Хайруллинді өте сабырлы, жұмысты тиянақты атқаратын адам ретінде сипаттады.

"Мен оның ешқашан ашуланғанын көрген емеспін. Ол темекі шекпейді, ішпейді, спортпен айналысады. Волейбол командасының мүшесі", – деді Дүйсенғалиев Хайрулин туралы.

Ерлі-зайыптылар ажырасқан. Қайғылы оқиғадан сегіз ай бұрын Айнагүл күйеуін екі баласымен тастап кеткен.

Полицияның мәліметінше, Айнагүл бұрынғы күйеуінің ұрғаны туралы бірнеше рет арыз жазған, бірақ кейін оларды қайтарып алған.

Талқылау