12,2 миллиард теңге бөлінбек: Бұрынғы "Алмалы" сауда орталығының орнына балаларға арналған ғылыми мұражай ашылады
Алматыда Республика алаңының маңындағы бұрынғы "Алмалы" сауда орталығының орнына балаларға арналған ғылыми мұражай ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Wikicity.kz
Жұмыс 2025 жылы басталмақ. Оны салуға Science Museum Singapore көмектеседі. Мұражай үшін қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөледі. Мұны мәслихат сессиясының баяндамасында Ерболат Досаев мәлім етті.
2012 жылы ашылған сауда орталығы бес жылдан кейін жөндеуге жабылды. Бір жылдан кейін Алматы қалалық кеңесі "Алмалы" сауда орталығының жаңа концепциясын бекітті, оған сәйкес мұнда отбасылық және балалардың демалысы кешенін құру жоспарланып жатыр. Бірақ ол 2022 жылдың мамырына жоспарланған.
Бірақ 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ғимарат қатты зақымданған. Бүкіл инфрақұрылымды қалпына келтіруге алты айдан тоғыз айға дейінгі уақыт қажет екен. Келтірілген шығын 1 миллиард теңгеге бағаланды.
Өткен қазанда бұған дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі "Алмалы" сауда ойын-сауық орталығы мемлекет меншігіне өткен.
Еске салсақ, сингапурлық компания Алматыда балаларға арналған ғылыми мұражай салатыны айтылды.