"Бұрын жарияланбаған ақпарат болады": Димаш Құдайберген туралы кітап жарық көрді
Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash
Алматыда қазақстандық өнер сүйер қауымға арналған жаңа мәдени басылым жарық көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Алматыкітап баспасы” DimashAli продюсерлік орталығының қолдауымен көпшілікке “Димаш Құдайберген: Шексіз музыка” атты эксклюзивті кітап-альбомды таныстырды. Жаңа жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарды өнерімен біріктіріп жүрген Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолын жан-жақты қамтиды.
Үлкен форматта басылып, 289 беттен тұратын альбомда әртістің кәсіби қалыптасу кезеңдері рет-ретімен көрсетілген. Басылымға архивтік суреттер, халықаралық концерттерден алынған ерекше кадрлар, бұрын жарияланбаған материалдар және Димаштың жеке естеліктері енгізілген. Бұл оқырманға орындаушының дамуын жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
Кітап құрылымы бірнеше тақырыптық бөлімнен тұрады. Онда музыканттың балалық шағы мен өнер жолындағы алғашқы қадамдары, әлемдік деңгейде танылуы, әйгілі концерттік алаңдардағы өнер көрсетуі, халықаралық мәдени жобаларға қатысуы және фанаттармен байланысы кеңінен баяндалады. Сондай-ақ сахна сыртындағы шығармашылық үдеріс пен маңызды оқиғалар хронологиясы жеке тарауда топтастырылған.
Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған. Бұл кітапты түрлі елдің оқырмандарына қолжетімді етіп қана қоймай, қазақстандық мәдениетті әлемге танытуға да ықпал етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әжесі немересінің мінезі туралы айтқаны хабарланған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік