Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл – соғыс": Дана Нұржігіт үйсіз қалған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді

Танымал журналист Дана Нұржігіт үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға тілеулес екенін білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: Stan.kz

БАҚ өкілі соттасу деген дүниенің адамға кері әсер ететінін айтты. 

“Жұлдыз, айналайын! Сұхбатыңды тыңдадым. Адам ашынғанда ғана соңына дейін барады! Құдай саған жұмсақ жүрек, дархан көңіл, сұлулық берген. Енді өзің үшін, балаларың үшін жүрегіңді тас қыл, көңіліңді мұз қыл, сұлулығыңа бет қаратпайтын қатулық қос! Әділет іздеген адам осының бәрін сауыттайын киіп жүруге мәжбүр болады. Бұл – соғыс! Алаяқтар тайраңдап, өз төрімізді өзімізге көр қылуға дейін барады. Сыртымыздан күліп отырады. Мен де ондайды көрдім. Біреудің адал нанына таласып, біреудің баласының аузынан дардай басымен тартып алуға арланбайтын көргенсізді. Күрес. Белді бекем бу", – деп жазды Дана Нұржігіт.



Сондай-ақ актрисаның ұлынан да күйзелісті байқайтынын жеткізді. 

“Балаларымыз бір мектепте оқиды. Балаларымыз бірге оқиды. Нарұлдың көңілін де көріп жүрмін. Қатты уайымдайды, алаңдайды ботақан. Құдай қуат берсін саған! Не де болса, Қайрат азаматтық қайратымен, ісімен де, сөзімен де қасыңнан табылсын деймін. Бұл – сынақ. Бір бол! Құшақтап, сүйдім сені, сіңлім!”, – деді экс сенатор. 

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова үйінен айырылып қалғанын Қайрат Нұртасқа қалай жеткізгенін айтқан еді. 

Талқылау