"Бұл – саяси сауал": Сенатор Жеңіс күніндегі шеруге 2,5 миллиард жұмсауды орынды деп бағалады
Сенат депутаты Андрей Лукин Жеңіс күніндегі шеруге 2,5 миллиард теңге жұмсауды орынды шығын деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ru.wikipedia.org
Сенатордың сөзінше, шеру өткізу – саяси мәселе.
"Бұл – орынды шығын. Себебі қоғам мұны тек позитивті тұрғыдан қабылдайтын саяси мәселе. Қазақстандықтар Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр. Ірі іс-шаралардың бірі 7 мамырда Қазақстан Қарулы күштерінің шеруін өткізу болмақ", – деді Андрей Лукин.
Сенатор шерудің өзге елдердің де назарын аударатынын айтады.
"Шеруге тек қазақстандықтар емес, әлем қауымдастығының да назары ауады. Осы тұрғыдан дұрыс шешім, қандай да бір сұрақ туындамайды. Кез келген шығын бұл тұрғыда орынды", – дейді Лукин.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді