"Бұл менің құлдарым": Астанада бір ауланың балалары достарын үйдің 12-қабатынан лақтырып жібермек болған
Астаналық балалар "Сезім қала" тұрғын үй кешенінің ауласында ойнап, көңіл көтеру үшін баланы үшінші қабаттағы балконнан лақтырып жібермек болған. Бірақ олардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Жәбірленушінің ата-анасы полициядан қылмыскерлерді жазалауды талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: everystockphoto.com
"Біз қазір мына ақымақты үйдің 12-қабатынан лақтырамыз. Ал бұл менің құлдарым, танысып қойыңыздар. Олардың өздері "құлдарым" деп айтуға келісті. Олар Санжар, Нұрәли, ал үшінші құлым Богдан. Ал бұл бесінше жауыз. Ол өзін бізге суицид жасасын деп айтып жатыр. Тіпті ол өз рұқсатын да берді. Сен келісіп тұрсың ғой. Сені қазір лақтырып жіберуге дайынсың ба? "Иә, иә" деді. Богдан, қане сүйре! Біз оны сүйреп бара жатырмыз! Біз жұмыс істеп жатырмыз, қысқасы! Ал мен оператормын. Сүйрейміз. Ұстаңдар. Қане, жұмыс істеңдер. Еркектер, жұмыс істейміз, жұмыс істейміз... Жүріңдер, лақтырып жіберейік. Оны тастайық", – деп айғайлады видео авторы.
Олар өздерінен кішкентай балаға соңғы сөзін айтуға мүмкіндік берген.
"Секіргің келе ме?! Ол "иә" әлде "жоқ" деді ме? "Иә" деп айтып жатыр. Біз қазір 3-қабаттамыз. Соңғы сөзіңді айт Анис. Қоқыс тұрған жаққа лақтырайық. Лақтырайық. Қазір телефон лақтырамын. Бір, екі, үш... А, б..дь. Менің өзім 50 келі тартамын. Бастарыңды тығыңдар. Үлгермедік", – деді жеткіншек.
Бұл видеоға қатысты Астана полиция департаменті пікір білдірді.
"Аталған факті тіркеліп, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, заңды өкілдердің қатысуымен мән-жай анықталып жатыр. Қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады", – деді полиция департаменті.