Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Бұл қажет болмайды деп үміттенемін": Путин Украинаға қарсы соғыста ядролық қаруды қолдану бойынша пікір білдірді

Фото: РИА Новости/Сергей Гунеев

Владимир Путин Украинаның Мәскеуді ядролық қаруды қолданатын жағдайға жеткізбеуге үміттенетінін жеткізді. Айтуынша, егер қаласа Ресейде өз мақсатына жетуге барлық күш пен қаражат бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресей президенті мұны Павел Зарубинге берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресейде өз мақсаттарына жету үшін мұндай қарудан басқа жеткілікті күш пен қаражат бар.

"Бізді арандатып, қателіктер жібергенімізді қалайды. Ал, ядролық қаруды қолданудың қажеті жоқ. Бұл қару-жарақ әрі қарай да қажет болмайды деп үміттенемін. Бізде 2022 жылы басталған мәселені Ресей үшін қажетті нәтижемен логикалық қорытындыға жеткізу үшін жеткілікті күш пен қаражат бар", - деді Путин.

Сұхбатында Путин сонымен бірге Украинамен сөзссіз татуласатынын жеткізді.



"Менің ойымша, біз қазір бастан өткеріп жатқан барлық қайғылы жағдайға қарамастан, бұл сөзсіз... Бұл уақыт мәселесі", – деді ол.

Бұған дейін Батыс саясаткерлері Украинадағы қақтығысқа байланысты ядролық соғыстың басталу қаупі туралы бірнеше рет айтқан болатын. Путин бұған жауап ретінде Ресей ядролық қаруды бірінші болып қолданғысы келмейтінін мәлімдеді. 

2024 жылдың күзінде Путин Ресейдің ядролық Доктринасын жаңартуды ұсынды. Оның айтуынша, ядролық қаруды Мәскеу "шектен тыс және мәжбүрлі шара болып табылатын тежеу құралы" ретінде қарастырады.  

Еске салсақ, Зеленский Жеңіс күніне орай бітім жариялау туралы Путиннің ұсынысын қабылдамаған еді.

Гүлсезім Мұхатай
Жексенбі, 04 Мамыр, 2025 17:03
Талқылау