"Бұл ескірген түсінік": Министр Саясат Нұрбек Қазақстанда диплом қажет пе деген сұраққа жауап берді

Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанда жұмысқа тұруға диплом көмектеспейді деген пікірге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, мұндай көзқарас ескірген.
“Қоғамда университеттердің жұмысы туралы түсінік ескірген. Көпшілік оларды әлі де 2000 жылдардағы деңгеймен салыстырып, қазіргі өзгерістерді ескере бермейді. Бізде бәрі нашар, Жоғары оқу орындары әлсіз, білім сапасы жоқ деген түсінік қалыптасқан. Бірақ білімді халық болмаса, экономика қалай дамып жатыр?”, – деді министр.
Министр кейбір жоғары оқу орындарының шынымен де талапқа сай келмейтінін айтты.
“Сын көтермейтін университеттер бар. Ондағы білім сапасы төмен. Біз мұндай жоғары оқу орындардың лицензиясын қайтарып алу және оларды жабу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бұл күрделі процесс”, – деді ол.
Тоқаев қазақстандықтардың дипломдарына қатысты жаңа заңға қол қойды
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Сонымен қатар министр соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болғанын айтты.
“Кем дегенде 3-4 университетке барып, салыстырып қараңыздар. Ондағы студенттермен сөйлесіңіздер. Олардың деңгейі мен білім сапасы мүлде басқа”, – деді министр.
Саясат Нұрбек Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына да назар аударуды сұрады.
“Олардың инфрақұрылымын, оқытушылар құрамын, оқу процесінің қалай ұйымдастырылғанын қараңыздар. Бұл мүлде басқа деңгей. Диплом ешқандай артықшылық бермейді деген қалыптасқан пікірді өзгерту қажет. Білім беру қазір мүлде басқа деңгейде”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда онлайн курс өткізетін блогерлер дипломдарын көрсетуге міндеттелетіні туралы жазған елік.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік