"Бұл – біздің ортақ жеңісіміз": Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін желіде жазба жариялады
Еркін күрестен Албанияда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Нұрқожа Қайпанов желіде жазба жариялап, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ыстық ықыласын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы екінші әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Албаниядағы жарқын жеңісінен кейін желіде жазба қалдырды.
“Барлығыңызға Ассаламу Алейкум! Маған осы жолда жанкүйер болып, қолдау көрсеткен барлық жанға рақмет. Мен үшін уайымдап әрі менің күшіме сенген әрқайсыңызды бағалаймын. Бұл жеңіс – біздің ортақ жеңісіміз. Әлемдік аренада Қазақстанды көрсете алғаным үшін мақтанамын. Әлем чемпионатындағы жеңісімді өзімнің халқыма арнаймын”– деді Нұрқожа.
Айта кетейік, Нұрқожа әлем чемпионатында бес белдесу өткізіп, барлығын айқын басымдықпен ұтты. Финалда жапон балуанын 6:3 есебімен жеңіп, Қазақстан еркін күрес тарихындағы екінші әлем чемпионы атанды.
Талқылау

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
Исламтанушы Қанат Байбосынұлының сөзінше, Сириядан келген мигранттардың басым бөлігі Қазақстанға "Жусан" операциясы арқылы оралды