Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл аймақты түгелдей бақылауға алғанымызды білдіреді": Израиль Ливанның оңтүстігіне өзінің ұлттық туын тікті

Израиль қорғаныс күштері өздерінің мемлекеттік туын Ливанның оңтүстігіндегі Марун ар-Рас ауылындағы төбеге тікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Дәл осы позициядан кейін Израильдің солтүстігіндегі елді мекендерді атқылау жүргізілді.



Израиль әскерлері Хезболланың негізгі позицияларының бірі болған ауылды бақылауға алды. Израиль телеарнасының хабарлауынша, аймақты тазарту операциясы аяқталды және тудың көтерілуі аймақта бақылаудың түпкілікті орнатылғанын білдіреді. 

“Израиль қорғаныс күштері Марун ар-Рас ауылын бақылауға алды. Ол жерден шекаралық ауылдар мен елді мекендерге көптеген танкке қарсы зымырандар атылды. Жаңа ғана жарияланған тудың тігілген фотосуреті Израиль армиясының ауыл орналасқан төбедегі Хезболла позицияларын тазартуды тиімді аяқтағанын растайды", – делінген хабарламада.

Аймақта Хезболладан келетін қауіп-қатерді бейтараптандыру операциясы аймақтағы соғыс қимылдарының күшеюі аясында жүргізілді.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясын бастағаны айтылды. 

Талқылау